Төраға карантинге алынғандықтан саммит кешіктірілді
Еуропа Одағы кеңесі төрағасының командасынан бір кісінің коронавирус тесті позитив шықты.
![Төраға карантинге алынғандықтан саммит кешіктірілді](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/d31f/200e/3f9b/5f450073bccb3.jpg?time=1718299304)
Еуропа Одағы Лидерлер саммиті төраға Чарль Мишельдің карантинаға алынуы себепті 1-2 қазан күніне кешіктірілді.
Еуропа Одағы кеңесі төрағасының командасынан бір кісінің коронавирус тесті позитив шықты.
Мишельдің баспасөз хатшысы Баренд Лейтс Мишельдің өткен апта жақын байланыста болған қауіпсіздік командасынан бір қызметкердің ковид тестінің позитив шыққанын хабарлады. Ол Мишельдің жүйелі түрде тест жасатқанын, алдынғы күні тестінің негатив шыққанын айтты, алайда Бельгия қағидалары бойынша кеден бастап карантинге кіруі керектігін білдірді.
«ЕО Кеңесі төрағасы Мишель 24-25 қыркүйекте өткізілуі жоспарланған ЕО Саммитін 1-2 қазан күндеріне кешіктіруге шешім берді» деді ол.
Еуропа Одағы лидерлері саммитте шығыс Жерорта теңізі және Түркия мен ЕО қарым-қатынастарымен бірге Қытай, коронавирус шаралары және экономикалық саясаттарды қолға алады.
Ұқсас жаңалықтар
![Эрбилдегі мұнай өңдеу зауытында өрт шықты](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/3ec6/a457/7499/666a9a09cdf79.jpg?time=1718299304)
Эрбилдегі мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Ирактың Эрбиль қаласында мұнай өңдеу зауыттары мен қоймалары бар нысанда өрт шықты.