Болгарияда саяси дағдарыс

Шерушілер премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті.

1495779
Болгарияда саяси дағдарыс

Болгарияда 9 шілдеде басталған үкіметке қарсы наразылық акциясының 76-шы күні мыңдаған демонстрант ел астанасы Софияның орталығына жиналып, премьер-министр Бойко Борисовтың үкіметін отставкаға кетуін талап етті.

Болгарияның ұлттық тәуелсіздігінің 112 жылдығы атап өтілетін 22 қыркүйек ресми мереке болғандықтан жаңа медиа арқылы ұйымдастырылған демонстрацияға қатысу жоғары болды.

Спикерлер Борисов үкіметінің, сондай-ақ бас прокурор Иван Гешев пен парламент спикері Цвета Караянчеваның мафиямен жұмыс істеуде деген уәжбен отставкаға кетуін талап етті.

Елорда София орталығындағы Тәуелсіздік алаңында наразылық акциясында «отставка» және «мафия» ұрандары айтылды.

Митингтен кейін өткен шеру кезінде астана орталығындағы кейбір қиылыстар уақытша қоршалып, көлік қозғалысына жабылды. Парламенттің ескі ғимаратының алдында демонстранттар тобы мен қауіпсіздік күштері арасындағы жанжалда үш полиция қызметкері жарақат алды.

Наразылық акциясында міндет атқару үшін 1000-нан астам полиция мен жандармерия қызметкерлері тағайындалды.

Үкіметке қарсы шыққан президент Румен Радев наразылық білдірушілерді тағы да қолдады.

 

Премьер-министрдің орынбасары және қорғаныс министрі Красимир Каракачанов Радев пен премьер-министр Борисов арасында бейбітшілік орнату үшін отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Қаракачанов сонымен қатар саяси дағдарысты тоқтату үшін уақытша сарапшылар үкіметін құруды ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар