Ресей 80 мың әскермен «Кавказ-2020» әскери жаттығуы бастады

Жаттығуға Ресейге қоса Беларусь, Қытай, Иран, Пәкістан, Армения және Мьянмадан шамамен 100 әскери қызметкер қатысуда.

1494679
Ресей 80 мың әскермен «Кавказ-2020» әскери жаттығуы бастады

Ресейдің оңтүстік және солтүстік Кавказ аймақтарында «Кавказ-2020» әскери жаттығуы басталды.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Кавказ-2020 әскери жаттығуына 80 мыңға жуық орыс әскеріне қоса Беларусь, Қытай, Иран, Пәкістан, Армения және Мьянмадан шамамен 1000 әскери қызметкер қатысуда.

Ресейдің оңтүстік және солтүстік Кавказ аймақтарындағы Капустин Яр, Ашулук, Аданак пен Продбой полигондарында және Қаратеңіз мен Каспий теңізінде ұйымдастырылған жаттығуда шамамен 60 соғыс ұшағы, 30 соғыс кемесі, 250 танк, 450 сауытты көлік, 200 зеңбірек және зымыран құрылғысы орын алады.

Орыс әскери жасақтарының елдің оңтүстік батысында әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін сынау мақсатты жүргізілген жаттығу 26 қыркүйек күніне дейін жалғаспак.



Ұқсас жаңалықтар