Трамп Асадты өлтіргісі келгенін мойындады

Трамп: "Мен Асадты өлтіруді қаладым. Алайда сол кездегі Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис бұған қарсы шықты" деді.

1491283
Трамп Асадты өлтіргісі келгенін мойындады

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы химиялық қару шабуылынан кейін Башар Асадқа қастандық жасауға бұйрық беруді ойлағанын, алайда кезіндегі Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің бұған қарсы шыққанын айтты.

Трамп Фох телеарнасында жарияланатын "Fox and Friends" бағдарламасында журналист Боб Уооруардтың кітабында жазылған "Трамп 2017 жылғы химиялық қару шабуылынан кейін Башар Асадқа қастандық жасауға бұйрық бергісі келді" пайымдауына жауап берді. 

Дональд Трамп:

"Мен Асадты өлтіруді қаладым. Алайда сол кездегі Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің бұған қарсы шықты. Мэттис қажетінен артық баға берілген бір генерал еді" деді.

"Асадты өлтірмегеніне өкінді ме?" деген сұраққа Трамп:

"Өкінбедім. Оның тірісімен де, өлісімен де күресе аламын. Қаласам оны өлтіру мүмкіндігім болды. Алайда Мэттис қарсы шықты" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар