"Кавказ-2020" әскери жаттығуына 9 ел қатысады

"Кавказ-2020" әскери жаттығуының 21-26 қыркүйек арасында ұйымдастырылуы күтілуде.

1487239
"Кавказ-2020" әскери жаттығуына 9 ел қатысады

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей ұйымдастыратын "Кавказ-2020" әскери жаттығуына 9 елден әскери жасақтардың қатысатынын білдірді.

Сергей Шойгу министрлік басшыларымен ұйымдастырған жиналысында "Кавказ-2020" әскери жаттығуына байланысты мәлімет берді.

"Кавказ-2020" әскери жаттығуының 21-26 қыркүйек арасында ұйымдастырылатынын айтқан Шойгу:

"Кавказ-2020" әскери жаттығуына 9 елден әскери жасақтардың қатысуы күтілуде" деді.

Әскери жаттығудың Капустин Яр және Ашулук полигондарында, Қаратеңіз бен Каспий теңізі су айдынында ұйымдастырылатынын хабарлаған Шойгу:

"Жаттығу Ресейдің Оңтүстік Әскери аймағы жасақтарының елдің оңтүстік батыс аймақтарында әскери қауіпсіздікті сақтау қуатын өлшеуді қамдайды" деп көрсетті.

Жаттығуға  Ресейдің Оңтүстік Әскери аймағы жасақтарынан 8 мыңнан астам әскер мен 3 мың әскери жабдықтар қатысады.

Осының алдында Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығымен елдің оңтүстігі мен Кавказ аймағындағы әскери жасақтары мен флоттары тексерілген болатын.

Тексерулер орыс әскери жасақтарының елдің оңтүстік батысындағы әскери қауіпсіздікті қамдау қабілетін және "Кавказ-2020" жаттығуына дайындықты өлшеу мақсатымен жасалған.



Ұқсас жаңалықтар