Калифорнияда орман өрті ырық бермей тұр

Америка Құрама Штаттарының Калифорния штатында орман өрттің шарпыған аумағы күннен күнге ұлғайып барады.

1487489
Калифорнияда орман өрті ырық бермей тұр

Америка Құрама Штаттарының Калифорния штатында орман өрттің шарпыған аумағы күннен күнге ұлғайып барады.

АҚШ Орман басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеде құрғақшылық және аптап ыстық ауа райы салдарынан орман өртінің басталғаны және "Орман сезоны" деп аталған қыркүйек-қазан айларында Калифорнияда өрттің өршігені білдірілді. Мәлімдемеде биыл өрт кесірінен рекорд деңгейінде 800  мың гектардан астам алаңның өртеніп кеткені баяндалды.  

Мәлімдемеде  14 мыңнан астам жедел өрт сөндірушінің және  95 ұшақтың өртті сөндіруге тырысқаны білдірілді. 

Мәлімдемеде Калифорнияда қызыл жалынның өршіп жатқаны, кейбір елді мекендердің эвакуацияланып, 8 ұлттық орман алаңының жабылғаны атап өтілді. 

Штат бойынша 15 тамыздан осы таңға дейін түскен 13 мыңнан астам нажағайдың 900-ден астам өртке себеп болғаны, сондай-ақ өрттерде қазірге дейін 8 адамның ажал құшқаны, 3 мың 300-ден астам құрылыстың да зақымдалғаны білдірілді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар