Шығыс елдерінде эпидемиядан өлім-жітім артуда

Әлем көлемінде қайтыс болғандар саны 868 мың 50-ден асты.

1483950
Шығыс елдерінде эпидемиядан өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 868 мың 50-ден асты. Расталған оқиға саны 26 миллион 209 мың 400, сауығып кеткендер саны 18 миллион 468 мың 780 болды.

Әлемде ауруды жұқтырғандар саны ең жоғары 3-ші ел болған Үндістанда Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 67 мың 376-ға жетті. Елдегі расталған оқиға саны 3 миллион 853 мың 406-дан асты.

Ресейде эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 17 мың 528 адам ковидтен, расталған оқиға саны 1 миллион 9 мың 995 болды.

Иранда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 21 мың 926-ға, расталған оқиға саны 380 мың 746-ға жетті. 

Жаңа тип коронавирус эпидемиясында Қытайда адам шығыны тіркелмеді. Жалпы оқиға саны болса 85 мың 77-ден асты.

Оңтүстік Кореяда 195 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар жалпы саны 20 644 болды. 



Ұқсас жаңалықтар