Йемен үшін маңызды ескерту

Елдегі дағдарыс коронавируспен күресті қиындата түсуде.

1483209
Йемен үшін маңызды ескерту

Йеменде жағармай дағдарысы мен гуманитарлық көмек бағдарламалары үшін жеткілікті қаражат болмауы себебімен коронавирус жұқтыру оқиғасының артуы мүмкін екені айтылды.

Йемендегі БҰҰ Гуманитарлық істер координация кеңсесінің хабарламасында: «Жағармай дағдарысы мен гуманитарлық көмек бағдарламалары үшін деткілікті қаражат жоқтығы ковид оқиғаларының артуына себеп болуда» деп айтылды.

БҰҰ мекемелерінің медициналық тексеру сұраныстарына жауап беруге шоғырланғаны,  алайда оттегі,  жеке қорғаныс жабдықтары мен науқас бақылау аппараттарының сатып алынуы процесінің де басты тақырып екені атап көрсетілді. БҰҰ мекемелерінің елдегі медициналық жүйеге қолдау беруді жалғастыратыны білдірілді.

Йеменде коронавирус салдарынан 566 адам қайтыс болып,  1958 адам вирус жұқтырған болатын. Елде бес жылдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыс пен ковид эпидемиясы себебімен медицина жүйесі құлдырай бастады.

Көп уақыттан бері саяси тұрақсыздық ішіндегі Йеменде Иранның қолдауындағы хоуситтер 2014 жылдың қыркүйек айынан бері бас қала Сана мен кейбір аймақтардың бақылауын қолында ұстап тұр. Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылдың наурық айынан бері хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау беріп келеді.

БҰҰ-ның деректеріне сай әлемдегі ең ірі гуманитарлық дағдарыстарының бірі осы Йеменде тұрғындардың 80 пайызы гуманитарлық көмек пен қорғалуға мұқтаж.

 



Ұқсас жаңалықтар