"Түркиямен бір үстелде ортақ шешім іздеу, келіссөз арқылы қызуды азайту керек"

Еурокомиссия мәлімдемешісі Петер Стано мәлімдеме жасады.

1482977
"Түркиямен бір үстелде ортақ шешім іздеу, келіссөз арқылы қызуды азайту керек"

Еурокомиссия мәлімдемешісі Петер Стано шығыс Жерорта теңізінде дағдарысқа шешім іздеу үшін Түркиямен келіссөз керектігін атап көрсетті.

Петер Стано күнделікті баспасөз мәслихатында Еурокомиссияның шығыс Жерорта теңізінде қызуды азайтуды қалағанын білдірді.

Тікелей, жанамалы келіссөздер және кездесулер арқылы дағдарысты азайту үшін талпыну жолын қадағалаудың керектігіне назар аударған Стано шығыс Жерорта теңізіндегі жағдайдың жақсы емес екенін білдірді.

Стано «Осында Түркиямен бір үстелде ортақ шешім іздеу, келіссөз арқылы қызуды азайту керек. Маңыздысы және тараптар назар аударатын тақырып осы» деді.



Ұқсас жаңалықтар