Шығыс елдерінде өлім-жітім жалғасуда

Әлем көлемінде расталған оқиға саны 25 миллион 638 мыңға ұласты.

1482640
Шығыс елдерінде өлім-жітім жалғасуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 854 мың 775-тен асты. Расталған оқиға саны 25 миллион 638 мың, сауығып кеткендер саны 17 миллион 943 мың болды.

Әлемде ауруды жұқтырғандар саны ең жоғары болған 3-ші ел Үндістанда Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 65 мың 288 болды. Елдегі расталған оқиға саны 3 миллион 691 мың 167-ден асты.

Израиль қоршауындағы Газа секторында ковид шаралары аясында коменданттық сағат ұзартылды. Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі Ковид-19 салдарынан қазірге дейін 3 адамның қаза тапқанын, 257 адамның вирус жұқтырғанын жариялаған еді.

Африка құрлығында Ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болған 226 адамды қосқанда, өлім-жітімнің жалпы саны 29 мың 862 болды. Құрлық бойынша  вирусты жұқтырғандар саны 1 миллион 257 мың 367-ден асты. Қазірге дейін ковидтен ең көп 14 мың 149 адам шығынымен өлім-жітім Оңтүстік Африкада тіркелді. Оның артынан 5 мың 421 адаммен Мысыр, 1 510 өліммен Алжирде байқалды.


Этикеттер: #өлім-жітім , #ковид-19

Ұқсас жаңалықтар