Үндістандағы сел апатында 20 адам мерт болды

Мадиа Прадеш уәлаятында сел апаты салдарынан  8 адам көз жұмды,  40 ауылдағы 1200 адам қауіпсіз жерге апарылды.

1481755
Үндістандағы сел апатында 20 адам мерт болды

Үндістанның Мадиа Прадеш және Одиша уәлаяттарында толассыз жауған жаңбыр салдарынан сел жүрді. Сел апатында 20 адам мерт болды. 

Мадиа Прадеш уәлаятында сел апаты салдарынан  8 адам көз жұмды,  40 ауылдағы 1200 адам қауіпсіз жерге апарылды. 

Лауазым иелері сел апатынан 12 аймақтың  егістіктерінің ықпал көргенін және 9 мың 300 адамның жәрдем лагерьлеріне жеткізілгенін білдірді. 

Енді бір жағынан Сеной аймағында жаңа салынған бір көпір де құлады. 

Апат ықпалды болған аймақтарда іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. 

Одиша уәлаятында да сел апатынан 12 адам мерт болды. 

Уәлаяттың 10 аймағындағы  415 мыңнан астам адам нөсер жаңбырдан ықпал көрді және  2 мың 750-ден астам үй зақымдалды.  



Ұқсас жаңалықтар