Израиль Газаға шабуылдады

Хамасқа қарсы бір шабуыл жасалды.

1479222
Израиль Газаға шабуылдады

Израиль Газаның оңтүстігінде Хамастың бір аймағына әуеден шабуыл жасады. 

Израиль армиясының әлеуметтік желіден жасалған жазбаша хабарламасында Газадан ұшырылған баллондарға қарсы әскери ұшақтардың Хамастың бір туннеліне әуеден операция ұйымдастырғаны айтылды. 

Палестина хабар көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Израиль әскери ұшақтары Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласының шығысында орын алған бос жерлерді бомбалады.

Шабуылда қаза тауып таппағандар болғаны белгілі емес. 

Тель-Авив әкімшілігі палестиналық белсенділердің Газа секторы төңірегіндегі еврей елді мекендеріне жанатын батпырауық пен баллондар жолдауы себебімен аймақта өрт шыққанын алға тартты. 

Газадан ұшырылған жанатын батпырауық пен баллондарға шешім таба алмаған Израиль армиясы бұлар дайындалды деп алға тартқан шекара аймақтарына жиі-жиі шабуыл ұйымдастырып тұрады.



Ұқсас жаңалықтар