Шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 817 мың 211-ден асты.

1478743
Шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 817 мың 211-ден асты. Расталған оқиға саны 23 миллион 823 мың 400, сауығып кеткендер саны 16 миллион 370 мың 120-ға жетті.

Әлемде ауруды жұқтырғандар саны ең жоғары болған 3-ші ел Үндістанда Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 58 мың 570 болды. Елдегі расталған оқиға саны 3 миллион 170 мың 942-ден асты.

Африка құрлығында Ковид-19 салдарынан қазірге дейін қайтыс болғандар саны 28 мың 51-ден, жұқтырғандар саны 1 миллион 199 мың 961-ден асты.

Ресейде эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 16 мың 383 адам, расталған оқиға саны 956 мың 749 болды.

Иранда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 20 мың 643-ке, расталған оқиға саны 358 мың 905-ке жетті. 

Мароккода эпидемия салдарынан қайтыс болғандардың саны 681-ге өсті.



Ұқсас жаңалықтар