Шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Африка құрлығында вирусты жұқтырғандар саны 1 миллион 192 мыңнан асты.

1477934
Шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 812 мың 758-ден асты. Расталған оқиға саны 23 миллион 605 мың, сауығып кеткендер саны 16 миллион 96 мың 850-ге жетті.

Әлемде ауруды жұқтырғандар саны ең жоғары болған 3-ші ел Үндістанда Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 57 мың 692-ге, расталған оқиға саны 3 миллион 692 мыңға жетті.

Ресейде эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 16 мың 383 адам, расталған оқиға саны 956 мың 749 болды.

Иранда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 20 мың 643-ке, расталған оқиға саны 358 мың 905-ке жетті. 

Мароккода эпидемия салдарынан қайтыс болғандардың саны 681-ге өсті.

Африка құрлығында Ковид-19 салдарынан қазірге дейін қайтыс болғандар саны 27 мың 831-ден, жұқтырғандар саны 1 миллион 192 мыңнан асты. Қазірге дейін құрлықта ең көп әлім-жітім Оңтүстік Африкада 13 мың 53 адаммен тіркелді. Мысырда 5 мың 262, Алжирде 1415 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар