Трамп Түркия және президенті Ердоғанмен қарым-қатынастарын мақтады

АҚШ президенті Трамп пен Ирак премьер-министрі Казыми журналисттерге мәлімдеме жасады.

1476517
Трамп Түркия және президенті Ердоғанмен қарым-қатынастарын мақтады

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия және президент Режеп Тайып Ердоғанмен өте жақсы қарым-қатынаста екендерін қайталады. 

Дональд Трамп және ресми сапар үшін еліне келген Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми Ақ Үйде өтетін кездесулерінің алдында журналисттердің алдына шықты. 

Казымимен мұнай және әскери ынтымақтастыққа қоса, көптеген тақырыпты қолға алатындарын мәлімдеген Трамп Иракпен өте жақсы ынтымақтастықта екенін тілге тиек етті. 

Трамп мәлімдемесінде Түркиямен қарым-қатынастарына назар аударып, «АҚШ-тың әсіресе де менің Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанмен өте жақсы қарым-қатынастарымыз бар. Ердоғанмен сөйлесеміз. Түркия және президент Режеп Тайып Ердоғанмен өте жақсы қарым-қатынастамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар