Эпидемиядан қайтыс болғандар саны 797 мың 271-ден асты

Сауығып кеткендер саны 15 миллион 527 мың 220-ға жетті.

1476792
Эпидемиядан қайтыс болғандар саны 797 мың 271-ден асты

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 797 мың 271-ден асты. Расталған оқиға саны 22 миллион 874 мың 533, сауығып кеткендер саны болса 15 миллион 527 мың 220-ға жетті.

Эпидемиядан ең көп зиян шеккен ел Америка Құрама Штаттарында Ковид-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны 177 мың 426-ға, вирус жұқтырған адам саны 5 миллион 746 мың 534-ке жетті. 

Латын Америкада эпидемияның ошағы болған Бразилияда өлім-жітім 112 мың 423 болды.  Расталған оқиға саны 3 миллион 505 мың 97 болып тіркелді. 

Мексикада вирустан қайтыс болғандар саны 59 мың 106-ға, вирус жұқтырған адам саны 543 мың 806-ға өсті. 

Германияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 9 мың 305-тен асты.  Елде Ковид-19 анықталған адам саны болса 228 мың 105. 

Вирустан Францияда 30 мың 480, Испанияда 28 мың 813 адам қайтыс болды. 

Испанияда вирустан қайтыс болғандардың саны 28 мың 797-ге жетті. 



Ұқсас жаңалықтар