Ковид-19 вакцинасы жыл соңында дайын болады

Қытайда бір дәрі фирмасы өндірген жаңа типті коронавирус вакцинасының жылдың соңына дейін дайын болатыны хабарланды.

1475201
Ковид-19 вакцинасы жыл соңында дайын болады

Қытайда мемлекетке қарасты бір дәрі фирмасы өндірген жаңа типті коронавирус (Covid-19) вакцинасының жылдың соңына дейін базарға ұсынуға дайын болатыны білдірілді.

SinoPharm фирмасының басшысы Лю Жынгжин Қытайдың жергілікті газетіне жасаған мәлімдемесінде жылдың соңында базарға шығарылатын Ковид-19 вакцинасының 140 доллардан төмен құнға дайындалатынын және 28 күнде бір рет екі доза қолданылатынын айтты.

Лю Жынгжин ірі қалаларда тұратын жұмысшы мен оқушыларға вакцина қойылуы керек екенін, алайда жан саны сирек орналасқан таулы аймақтарда мұндай қажеттілік болмайтынын білдіріді. 

Өзінің де осы вакцинаны қойғызғанын тілге тиек еткен SinoPharm фирмасының басшысы Лю фирманың жылына 220 миллион доза вакцина өндіру қуатына ие екенін жариялады.

Қытайлық мамандар мен лауазымдылардың сынақ сатысындағы вакцинаны қойғызғаны хабарлары ғылыми салада талас-тартыс туғызды.  



Ұқсас жаңалықтар