БАӘ мен Израиль келісіміне палестиналық ұйымдардан наразылық келді

Палестина Азатық, Әл-Фатх, Ислами Жиһад және Хамас қозғалыстары келісімді "сатқындық" деп бағалады.

1472908
БАӘ мен Израиль келісіміне палестиналық ұйымдардан наразылық келді

Палестина Азатық қозғалысы Израильмен қарым-қатынастарды қалпына келтіру келісімі жасаған Біріккен Араб Әмірліктеріне наразылық көрсетті.

Әл-Фатх қозғалысы Біріккен Араб Әмірліктерін «Палестина күресіне қарсы діни, ұлттық  және гуманитарлық міндетінен бас тартумен айыптады.

Ислами Жиһад қозғалысы болса келісімді «бас ию» және «берілу» деп бағалады. Қозғалыс мәлімдемешісі Давуд Шихаб «Израильмен қарым-қатынастарды қалпына келтіру «бас ию» және «берілу» деген сөз. Басылған бұл қадам қақтығыстардыдың негізгі шындықтарын өзгерте алмайды, керісінше басқыншы әкімшілікті одан да террористік құрылымға айналдырады» деді.

Хамас болса «БАӘ мен Израильдің келісімі халқымыздың арқасына шаншылған опасыз бір пышақ» деді.

Хамас мәлімдемешісі Абдуллатиф Әл-Куну келісімнің «Палестина халқы шеккен азаптарды елемеу», «қалпына келтіру тақырыбында қауіпті бір жаңалық» екенін атап көрсетті.

БАӘ АҚШ-тың бітімгерлігінде Израильмен қарым-қатынастарды қалпына келтіру келісімі жөнінде «ортақ бір жол картасы белгілеу тақырыбында келіскендерін» жариялаған болатын.

БАӘ 1979 жылы Мысыр, 1994 жылы Иорданияның артынан Израильмен қарым-қатынастарды қадпына келтіру келісіміне қол қойған 3-ші ел болды.



Ұқсас жаңалықтар