Қытай Азиядағы жаттығуларды арттырды

АҚШ-пен арасындағы дағдарыс асқынған Қытайдың Азиядағы әскери жаттығуларды арттырды.

1471203
Қытай Азиядағы жаттығуларды арттырды

АҚШ-пен арасындағы дағдарыс асқынған Қытайдың Шығыс Азиядағы әскери жаттығуларды арттырғаны білдірілді.

АҚШ-тың өткен ай Оңтүстік Қытай теңізінде ұшақ кемелерімен өткізген әскери жаттығуы және АҚШ Денсаулық сақтау министрі Алекс Азардың осы апта Тайваньға сапарлай баруы себепті Вашингтонға наразылық көрсеткен Пекин  Шығыс Азиядағы әскери жаттығуларды бастады. 

Қытай 10 тамыз күні Тайвань бұғазында Арал мен Қытай арасындағы ресми емес, алайда тараптар теңіз шекара желісі деп қабылдаған "Орталық желінің" қарсы жағына әскери ұшақ жолдады. 

Тайвань Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Қытай ұшақтарын Тайваньның құрлыққа орналастырылған ұшақ соғар зымырандары тарапынан бақыланғаны білдірілді.

Қытайда 1949 жылы Мао Цээдунның билікке келуімен Чан Кайши мен кейбір үкімет мүшелері Тайваньды мекендеп, 1912 жылы құрылған "Қытай Республикасы" билігінің Аралда жалғасқанын пайымдап, тәуелсіздік жариялаған және бұл талпыныс Қытай тарапынан теріске шығарылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар