Вакцина жылдың аяғына дейін дайын болады

Еуропа Одағында коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина жылдың аяғына дейін дайын болады.

1470230
Вакцина жылдың аяғына дейін дайын болады

Еуропа Одағында коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина жылдың аяғына дейін дайын болады.

Бұл туралы ЕО комиссиясы Денсаулық және азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты мүшесі Стелла Кириакидес білдірді.  Ол бір неміс газетіне берген сұхбатында Covid-19-ға қарсы вакцинаның жетілдіруі процесінде жетістік бар екенін айтты.

«Тап қазір болжам айту қауіпті болса да, алғашқы вакцинаның жылдың аяғына дейін немесе келесі жылдың басында дайын болатынын айту үшін жақсы белгілер бар» деді ол.

Вакцинаның барлық проблеманы дереу шеше алмайтынын айтқан Кириакидес алайда рискі жоғары азаматтарға вакцина егу арқылы жағдайдың қалпына түсуі мүмкін екенін айтты. Ол Еуропа Одағы елдерінде соңғы кезде вирус жұқтыру оқиғасының артқанына алаңдап,  елдердің жергілікті деңгейде күресуін сұрады.



Ұқсас жаңалықтар