Украина Вагнер сарбаздарын сұрап отыр

Беларусь тұтқындалған жалдамалы әскерлердің тізімін берді.

1468416
Украина Вагнер сарбаздарын сұрап отыр

 

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба Беларусьте ұсталған  33 Вагнер жалдамалыларын еліне қайтаруды талап еткендерін айтты.

Киевте өткен баспасөз мәслихатында Кулеба Беларусьтегі қауіпсіздік күштерінің ресейлік Вагнермен байланысы бар 33 жалдамалы адамды ұстап алғаны туралы мәлімдеме жасады.

Беларусь тұтқындалған адамдардың тізімін бергенін білдірген ол: «Біздің қауіпсіздік күштеріміз бұл тізімді талдап шықты және қайсысы Украина азаматы , кімдерде әрі Ресей, әрі Украинаның төлқұжаттары бар, біз үшін олар тек Украина азаматтары, Донбастағы қақтығыстарда Ресей қарулы күштері құрамында орын алып қалмағанын анықтады» деді.

Украина қауіпсіздік күштерінің беларусьтік әріптестерімен байланыста екенін білдірген Кулеба былай деді: «Біз тұтқындарды Украинаға тапсыруды сұрадық».

Кулеба Беларусьтің Вагнер сарбаздарының Украинаға берілуін әлі ресми түрде мақұлдамағанын айтты.

Өткен аптада Беларусь қауіпсіздік күштері Ресейдің «Вагнер» қауіпсіздік компаниясымен байланысы бар 33 жалдамалы жауынгерді ұстап, оларға қатысты тергеу бастағаны туралы хабарлаған болатын.

Кеше Украина президенті Владимир Зеленский мен Беларусь президенті Лукашенко телефон арқылы сөйлескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар