Ливия: Түркиямен ашық және нақты келісімдер жасадық

Ливия Мемлекеттік Жоғары Кеңесі төрағасы Халид әл-Мишри мәлімдеме жасады.

1463089
Ливия: Түркиямен ашық және нақты келісімдер жасадық

Ливия Мемлекеттік Жоғары Кеңесі төрағасы Халид әл-Мишри елдің шығысындағы көтерісшіл Халифа Хафтарға қарасты қарулы күштердің шабуылдарын тойтару үшін Түркиямен ашық бір келісім жасағандарын атап көрсетті.

Марокко Сыртқы істер министрі Насыр Буритамен бас қала Рабатта жүзеге асқан кездесудің артынан ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Мишри «Ұлттық үкімет Хафтарға 6-10 шақты ел қолдау берген соң Түркиядан қолдау сұрады. Бұл елдердің барлығына қарсы заңдылығымызды қорғайтын күшіміз жоқ еді» деді.

Мишри Ливияның 2013 жылдан бері Біріккен Араб Әмірліктеріне қоса Мысыр және басқа да елдердің әскери операцияларына душар болғанын, бұл жағдайдың халықаралық қарарларға қарама-қайшы екенін атап көрсетті.

«Хафтар көптеген елден көмек сұрап, Триполи шекарасына дейін келген соң Түркиядан жәрдем сұраудан басқа амалымыз қалмады. Бұл әрине ашық және нақты келісімдер негізінде жүзеге асты» деген Мишри өздері Хафтарға қолдау беріп жатқанда, заңды үкіметке Түркияның қолдау беруіне қарсы шыққан елдерді де сынға алды.

Түркия мен Ливия арасында 2019 жылы 27 қараша күні «Қауіпсіздік және әскери ынтымақтастық туралы өзара меморандум» мен екі елдің халықаралық құқықтан туындаған құқығын қорғауды нысанаға алған «Теңіз жауапкершілік алаңдарын шектеу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар