"Sea Breeze-2020" әскери жаттығуы Қаратеңізде басталды

Әскери жаттығуға Түркиямен бірге АҚШ, Франция, Норвегия, Румыния, Болгария, Грузия, Испания және Украинадан мөлшермен 2 мың әскердің қатысқаны білдірілді.

1458563
"Sea Breeze-2020" әскери жаттығуы Қаратеңізде басталды

Түркия да қатысқан "Sea Breeze-2020" әскери жаттығуы Қаратеңізде басталды.

Әскери жаттығуға Түркиямен бірге АҚШ, Франция, Норвегия, Румыния, Болгария, Грузия, Испания және Украинадан мөлшермен 2 мың әскердің қатысқаны білдірілді.

Украина Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті тек әуе және теңіз күштерімен өткізілген әскери жаттығуда 20-дан астам соғыс  кемесі, ұшақ және тікұшақ міндет атқаратыны хабарланды.

"Sea Breeze-2020" әскери жаттығуының мақсаты Қаратеңіз аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамдау" екені жазылған мәлімдемеде әскери жаттығудың 7 күн жалғасатыны да білдірілді.    



Ұқсас жаңалықтар