Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирус (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандар саны 587 мың 662-ден асып, вирус жұқтырғандардың саны 13 миллион 727 мыңнан асты.

1456356
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирус (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандар саны 587 мың 662-ден асып, вирус жұқтырғандардың саны 13 миллион 727 мыңнан асты. Айығып кеткендердің саны 8 миллион 178 мыңнан асты.

Үндістанда Ковид-19-дан қайтыс болғандардың саны 24 мың 976-ға дейін өсті. Вирус жұқтырғандар саны 974 мың 737-ге дейін өсті. Елде вирусты жұқтырған 612 814 адам да сауығып кетті. Үндістан – вирус жұқтыру саны бойынша үшінші ел. Елде Ковид-19 кандидат вакцинасы адамдарда сынақтан өткізіле бастады. Зиддус Кадила фармацевтикалық компаниясы жасаған «ZyCoV-D» атты Ковид-19 вакцинасына кандидаттың 1-ші және 2-ші кезеңіндегі клиникалық сынақтарда субъектілерге алғашқы дозалар енгізілді. Бірнеше орталықтарда өткізілген сынаққа 1000-нан астам сау ерікті қатысуда.

Ковид-19-дан бері 11 мың 937 адам қайтыс болған Ресейде 752 мың 797 оқиға тіркелді. Мәскеу әкімінің орынбасары Анастасия Ракова азаматтардың бүгіннен бастап «Ковид-19» сынағын тегін алуына болатынын білдірді.

Иранда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 13 мың 608 болса, вирус жұқтырғандардың  саны 267 мың 61-ге дейін өсті.

Пәкістанда осы уақытқа дейін 5 мың 426 адам қайтыс болды, 257 мың 914 адам жұқтырды.

Соңғы 24 сағат ішінде Қытайда бір, Оңтүстік Кореяда 61 жаңа жағдай анықталды.

Ковид-19 эпидемиясынан Қытайда 4 мың 634, Оңтүстік Африкада 4 мың 453, Мысырда 4 мың 67, Индонезияда 3 мың 797, Иракта 3 мың 432, Бангладеште 2 мың 457 адам қайтыс болды. Сауд Арабиясында 2 мың 325, Филиппинде 1614, Украинада 445, Ауғанстанда 1094, Алжирде 1040, Беларуссияда 480, Кувейтте 399, Қазақстанда 375, Біріккен Араб Әмірліктерінде 335, Оңтүстік Кореяда  291, Оманда  281, Катарда  151 адам қайтыс болды.

 



Ұқсас жаңалықтар