Достумға маршал атағы берілді

Джумбуш партиясының басшысы Рашид Достумға «маршал» атағы берілді.

1456313
Достумға маршал атағы берілді

Ауғанстан президенті Ашраф ғанидің бұрынғы орынбасары және Джумбуш партиясының басшысы Рашид Достумға «маршал» атағы берілді.

Жузжан уәлаятында болған рәсімде Ауғанстан Ұлттық Жоғары келісім кеңесінің төрағасы Абдуллах Абдуллах, Президенттің жеке көмекшісі Шакир Каргер, министрлер, депуттар,  шетелдердің өкілдері қатысты.

Рәсімде сөз сөйлеген Достум Ауғанстанның маңызды уақыттан өтіп жатқанын және осындай кезеңде саясат қайраткерлерінің барлығының бірге қозғалуы керектігін айтты.

«Талибанмен алдымен келіссөз арқылы кездесуді жүргізу керек,  егер келіссөзді қабылдамай, сылтау табатын болса, онда операциялар арқылы жою керек» деді ол.

Баяндамалардан кейін Президенттің жеке көмекшісі Шакир Каргер президент Ашраф Ғанидің «маршал» мәртебесіне байланысты шешімін оқыды.

Рәсім маршалдық нышанының Достумның жағасына тағылуымен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар