Жапониядағы тасқында 44 кіс і қаза тапты

Жапонияның оңтүстік батысындағы нөсерлі жаңбыр мен тасқын апатында қаза тапқандар саны 44 кісіге көбейді.

1450101
Жапониядағы тасқында 44 кіс і қаза тапты

Жапонияның оңтүстік батысындағы нөсерлі жаңбыр мен тасқын апатында қаза тапқандар саны 44 кісіге көбейді.

Ұлттық баспасөзде шыққан хабарларға қарағанда Кумамото уәлаятында нөсерлі жаңбырдан кейін Кума өзенінің тасуымен болған су тасқындары себепті көпірлер құлады.

Ағаштар құлаған, жолдар шөккен және мыңдаған үйді су басқан сел апатында Кумамотода қаза болғандар саны 44-ге жетті.

Аймақтағы 80-нен астам көшіру орталығына мың 500 кісі орналасты, 4 мыңнан астам үйде электр жоқ, 80-нен астам мектеп уақытша жабылды.

Уәлаяттың үкіметтен талабына сай Жапония Құрлық күштерінен 10 мың әскер аймаққа жолданды.

Өрт және апат басқару агенттігінен 450 құрқару қызметкері мен 120 полиция да аймақта міндет атқарды.

Жапония Метееорология агенттігі солтүстіктегі бірнеше уәлаятқа нөсерлі жаңбырға орай ескерту жасады.    



Ұқсас жаңалықтар