Үндістан Қытаймен шекарасына танк орналастырды

Үндістан Қытаймен болған шекара қақтығыстарынан кейін дағдарыс асқынған Ладакх өңіріне гаубицалар мен танк орналастырды.

1446453
Үндістан Қытаймен шекарасына танк орналастырды

Үндістан Қытаймен болған шекара қақтығыстарынан кейін дағдарыс асқынған Ладакх өңіріне гаубицалар мен танк орналастырды. 

Үндістан таймстың хабарына қарағанда Үндістанның екі ел арасындағы 1597 километр ұзындықтағы Нақты бақылау желісі (LAC) мен Галван қойнауына 155 миллиметр көлемге оқ ататын гаубицалар мен Т-90 типті танктерді орналастырған.

Үндістанның бұл қадамы аймақта бейбітшілікті орнатудағы бір талпыныс деп бағалануда, Орналастырылған танктердің түрліше болымсыз жағдайға қарсы сақтықты мақсат еткені атап көрсетілді. 

Үндістан Қытаймен болған шекара қақтығыстарынан кейін Гималай тауларындағы Ладакх өңіріне  құрлықтан әуеге зымыран қорғаныс жүйесін орналастырғанын жариялаған болатын. 

Ладакх аймағында 15 маусымда 20 үнді әскерінің өліміне себеп болған қақтығыстар және аймақта артқан дағдарыс Қытай әскерлерінің мамырдың басында үш жерден Ладакх аймағына кіруі, осы өңірде шатыр мен әскери басқарма құруынан кейін басталды. 

Қытай әскерлері  ескертулерге қарамай, аймақтан шегінбеген, екі ел арасында таластағы Сикким уәлаятында да қытай мен үнді әскерлері арасында қақтығыс шыққан болатын.  

 



Ұқсас жаңалықтар