Өлім-жітім әлем көлемінде 485 мың 433-тен асты

Жазылып кеткендер саны 5 миллион 187 мың болды.

1442648
Өлім-жітім әлем көлемінде 485 мың 433-тен асты
super covid19 abd
super covid19
super covid19 4.jpg
super covid19 8.jpg
super covid19 10.jpg

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 485 мың 433-тен асты. Расталған оқиға саны 9 миллион 551 мың, жазылып кеткендер саны 5 миллион 192 мың болды.

124 мың 282 адам қайтыс болып, оқиға саны 2 миллион 462 мыңға жеткен АҚШ-та Вашингтон Университеті Өлшелеу және бағалау институты 1 қазанға дейін елде эпидемия салдарынан қайтыс болғандар санының 179 мыңнан асатынын болжады.

Бразилияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 185-ке көбейіп, елде өлім-жітім 53 мың 830-дан асты. Оқиға саны болса 42 мың 725 артып, 1 миллион 188 мың 631-ге жетті.

Мексикада да соңғы 24 сағатта қайтыс болған 947 адамды қосқанда, қайтыс болғандардың жалпы саны 24 мың 324, вирус жұқтырғандар саны да 5 мың 437 артып, 196 мың 847 болды.

Ұлыбританияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 154-ке көбейіп, өлім-жітім 43 мың 81-ге жетті. Оқиға санының да 653-ке көбейіп, 306 мың 862 екені білдірілді.

Францияда 24 сағатта эпидемия салдарынан 11 адам көз жұмды. Өлім-жітім 29 мың 731-ден асқан елде соңғы 24 сағатта 81-ге көбейген оқиға саны 198 мың 743 болды.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы 1 аптада қайтыс болған адам санын 10 деп жариялады. Қайтыс болғандардың жалпы саны 28 мың 327, жаңа оқиға саны 196-ға көбейіп, 247 мың 86-ға жетті.

Португалияда Сovid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қаза тапқан 3 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны мың 543, оқиға саны 367-ге көбейіп, 40 мың 104 болып тіркелді.

Сovid-19 салдарынан 582 адам қайтыс болған Гватамелада оқиға саны 14 мың 540 болды. Елдің Ұлттық лабораториясында жаңа тип коронавирус сынама жүргізу тобындағы 240 қызметкердің вирус жұқтырғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар