Ливиялықтар елін қорғау үшін соғысқа да дайын

Ливия Ішкі істер министрі Фетхи Башага Мысырдың қауіпсіздігіне зиян тигізуге болмайтынын айта отырып, елін қорғау үшін соғысқа да дайын екенін білдірді.

1440566
Ливиялықтар елін қорғау үшін соғысқа да дайын

Ливия Ішкі істер министрі Фетхи Башага Мысырдың қауіпсіздігіне зиян тигізуге болмайтынын айта отырып, елін қорғау үшін соғысқа да дайын екенін білдірді. 

Мысыр президенті Абдель Фаттах Ас-Сисидің Ливияға қарсы әскери килігу жөніндегі мәлімдемесінен кейін Ливия Ішкі істер министрі Фетхи Башага мәлімдеме жасады. Фетхи Башага твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде "Мысыр әкімшілігі Ливия халқының Мысырмен ортақ тарих, сенім және мәдениетінің бар екенін ұмытып кетіпті" деді. 

Башага "Ливиялықтар Мысырдың қауіпсіздігіне зиян тигізуді қабылдамайды. Өйткені бұл екі ел үшін де дұрыс тұғыр емес. Шекаралар ливиялықтардың қанымен белгіленген. Ливиялықтар бейбітшілік қалағандармен тату-тәтті байланыста болуды ұнатады. Шабуыл емес. Алайда елін қорғау үшін соғысқа да дайын" деген сөздер қолданды. 

Осы барыста Ливия Ұлттық келісім үкіметінің басшысы Фаиз Серрадж армияға қарасты Сирт-Джуфра операция басқармасы қолбасшысы генерал-майор Ибрахим Ахмед Бейтулмалмен кездесті. 

 



Ұқсас жаңалықтар