Йеменде қақтығыс тоқтауы керек

Гриффитс Йемендегі соңғы жағдайға байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

1440812
Йеменде қақтығыс тоқтауы керек

БҰҰ Йемен арнайы өкілі Мартин Гриффитс Йеменде жалғасып жатқан қақтығыстарға назар аударып, тараптарды соғысты тоқтатуға шақырды. 

Гриффитс Йемендегі соңғы жағдайға байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.  Ол қақтығыстардың Йемен халқының жағдайын қиындата түскенін атап көрсетті. Қақтығыстардың тараптар арасында бейбітшілікті орнатуды мақсат еткен БҰҰ қолдауындағы бейбітшілік келіссөзіне қайшы екенін білдірген өкіл “Тараптарды тағы бір рет қақтығысты тоқтату үшін маңызды қадам басуға,  келіссөз шеңберінде БҰҰ-мен байланыс құруға және бейбітшілікті орнатуға шақырамын. Йемендегі қақтығыс пен қайғыны арттыратын топырақ жаулап алу ізденістерінен бас тартады деп ойлаймын” деді. 

Гриффитс қақтығыстың Йемен халқының үмітін тауысқанын айтты. Күнделікті тұрмыста күрес елде коронавируспен күресті де қиындата түсті.  

Сонымен қатар Йемен Өнеркәсіп және сауда министрі Мейтеми Біріккен Араб Әмірліктері қолдау берген қарулы топтардың елді бөлу және үкіметке қарсы төңкеріске наразылық ретінде отставкаға кетті. 

Көп уақыттан бері саяси жағынан тұрақсыз Йеменде Иранның қолдауындағы хоуситтер 2014 жылдың қыркүйек айынан бері Сана және кейбір аймақтарды бақылауында ұстап отыр.  Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылдың наурыз айынан бері хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне көмек беріп отыр. 

БҰҰ деректеріне қарағанда, елдің 80 пайызы көмекке зәру. 



Ұқсас жаңалықтар