Еуроодақ Ресейге санкцияны ұзартты

Еуропа Одағы Қырым мен Севастопольды заңсыз жаулап алуына орай Ресейге атқарған санкциялардың уақытын ұзартуға шешім қабылдады.

1438805
Еуроодақ Ресейге санкцияны ұзартты

Еуропа Одағы Қырым мен Севастопольды заңсыз жаулап алуына орай Ресейге атқарған санкциялардың уақытын тағы бір жыл ұзартуға шешім қабылдады.

Еуроодақ кеңесі шектеу шараларының 2021 жылы 23 маусымға дейін ұзартылғанын жариялады.

Ұзартылған санкциялармен Еуроодақ азаматтары мен компаниялары Қырым мен Севастополь аймақтарындағы іс-шаралары шектеледі.

Еуроодақтың Қырым мен Севастопольдан өнім импорт етуіне рұқсат берілмейді. Еуроодақ азаматтары мен компаниялары Қырым мен Севастополь аймақтарынан мүлік сатып алмайды және осы аймақтағы компанияларға қаржылай қызмет бермейді. 

Қырым аймағына қатынас, телекоммуникация және энергия кәсібінде қолданатын материалдар мен технология экспорт етілмейді. Мұнай, табиғи газ және кен барлау, шығару және өндірісіне бағытталған технологиямен қамдау шектеледі. Осы салаларға техникалық қолдау берілмейді.

Ресей 2014 жылы наурызда Қырым Автономиялық Республикасын және Севостополь қаласын заңсыз басып алды. 

Қырымның Ресей тарапынан жаулануы және Украинаның шығысында туылған оқиғалардан кейін Еуроодақ, АҚШ және басқа елдер  Ресейге санкция атқара бастаған болатын.    



Ұқсас жаңалықтар