Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Пекинде мектептер қайта жабылды.

1437575
Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны 446 мың 193-тен,  вирус жұқтыру оқиғасы 8 миллион 266 мыңнан,  сауығып кеткендер саны 4 миллион 323 мыңнан асты. 

Қытайдың бас қаласы Пекинде азық-түлік базары Шинфадиден туындаған коронавирус оқиғаларының артуына байланысты қаладағы дабыл деңгейі арттырылды.  Мектептер жабылды.  Пекинде 12 маусымнан бері анықталған вирус жұқтыру саны 106ға жетті. 

Мысырда Covid-19-дан тағы 94  кісі қайтыс болды.  Осылайша қайтыс болғандардың саны 1 766-ға жетті.  Олардың 68-і - дәрігер. Соңғы бір күнде 1 567 жаңа оқиға тіркелді. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 47 мың 856 болды. 

Кейбір елдерде коронавирустан туындаған өлім-жітім мынадай: Үндістан 11 мың 921, Иран 9 мың 065, Ресей 7 мың 284, Пәкістан 2 мың 975, Сауд Арабиясы 1 052, Жапония 927.



Ұқсас жаңалықтар