Араб тайпалары операцияларға қолдау жасайды

Ирактағы араб тайпалары Түркияның террор ұйымына қарсы жүргізген операциясына қолдау жасайтын болды.

1436763
Араб тайпалары операцияларға қолдау жасайды

Ирактағы араб тайпалары Түркияның террор ұйымына қарсы жүргізген операциясына қолдау жасайтын болды. 

Киркук, Салахаддин және Дияла уәлаяттарындағы тайпаларға өкілдік еткен араб тайпалары мәлімдемешісі Шейх Мизахым эль-Хувейт Түрік Қарулы күштерінің Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұымы PKK-ға бағытталған операцияларға қолдау көрсететіндерін жариялады. 

Эль-Хувейт жасаған жазбаша мәлімдемесінде Синджар тауында бөлшектеуші террор ұйымының бақылауындағы түрмелерде бейуаз араб әйелерінің жатқанын білдіріп, "Бұл операция сонымен қатар аталмыш түрмелердегі әйелдерге жасалған жәбірлерге қарсы бір жауап ерекшелігіне ие" деген сөздерге орын берілді. 

Синджарда жер астында жасырынды 8 түрменің болғанын түсіндірген Хувейт бұл жерлерде іштерінде әйелдер де болған мөлшермен 80 бейуаз арабтың жатқанын атап өтті. 

Эль-Хувейт Ирак орталық үкіметі, Бағдат мәжілісі, Ирак күрд аймақтық әкімшілігі және Эрбиль мәжілісіне осы ұйымның мемлекеттің солтүстігінен шегінуі үшін бір шешім жасаулары жайлы үндеу тастады. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар