АҚШ-та тұңғыш рет Африка текті қолбасшы

Америка Құрама Штаттары Сенаты Африка текті генерал Чальз Д. Браунның Әуе күштері қолбасшылығына тағайындауын бекітті.

1433034
АҚШ-та тұңғыш рет  Африка текті қолбасшы

Америка Құрама Штаттары Сенаты Африка текті генерал Чальз Д. Браунның Әуе күштері қолбасшылығына тағайындауын бекітті. 

Осылайша ел тарихында алғаш рет бір Африка текті генерал қолбасшы болып міндет атқарады. 

АҚШ президенті Дональд Трамптың Әуе күштері қолбасшы ретінде тағайындалған генерал Браун Сенаттан толық қолдау тапты.  

Тағайындаудың АҚШ-та Африка текті  Джордж Флойдтің  полицияның зорлығымен қаза табуынан кейін ел көлемінде кең қанат жайған ереуілдер жалғасып жатқан кезде болуы назар аударды. 

Генерал Браун осы тағайындаудан бұрын АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит әскери штабына қарасты әуе күштері қолбасшысы болып міндет атқарған еді. 

Трамп твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде 

"Генерал Чальз Д. Браунды Әуе күштері қолбасшылығына тағайындау шешімі Сенат тарапынан бекітілді. Бұл АҚШ үшін тарихи бір күн. Ұлтжанды генерал Браунмен бірге жұмыс істеуден мақтаныш сезінемін" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар