Әлемде коронавирус

Коронавирустың жаңа түріне байланысты қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 398 мыңнан асты.

1430573
Әлемде коронавирус

Коронавирустың жаңа түріне байланысты қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 398 мыңнан асты. Вирус жұқтыру оқиғасы 6 миллион 852 мыңнан, сауығып кеткендердің саны 3 миллион 352 мыңнан асты. 

Италияда Covid-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны бір күнде 85-ке артты. Қайтыс болғандардың барлық саны 33 мың 774-ке жетті. Вирус жұқтырғандардың саны 234 мың 531 болды. 

Францияда эпидемия салдарынан бір тәулікте 46 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім 29 мың 111 болды. Вирус анықталған адам саны 190 мың 460-қа жетті. Ғылыми кеңестің басшысы елде эпидемияның бақылауға алынғанын білдірді. 23 мамырдан бері кеше бірінші рет мешіттерде топтық ғибадатқа рұқсат берілді. Үш айдан бері бірінші рет кеше жұма намазы оқылды. 

Испания Денсаулық сақтау министрлігі елде 27 мың 134 адам қайтыс болғанын білдірді. Бір күнде 177 вирус жұқтырған адам тіркелді. 

Португалияда Covid-19-дан  соңғы бір тәулікте он адам қайтыс болды. Қайтыс болғандар саны  1 465-ке жетті. 377 жаңа оқиға тіркелді. Премьер-министр ел шекарасының және әуежайлардағы шетел рейстерінің 15 маусымнан басталатынын білдірді. 

Бүгінге дейін 35 мың 047 адам қайтыс болған Бразилияда мемлекет басшысы Болсонарудың коронавирус эпидемиясында қайтыс болғандар жөнінде “Өлім - бүкіл әлемнің тағдыры” деген сөздері наразылықтарға жол ашты.  Болсонару сонымен бірге халықтың Бразилияда болып жатқандар жөнінде шетелден көзқарас алуға мұқтаж етестігін айтып: “АҚШ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді біз де жұмыстанып жатырмыз. Дүнежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы идеологиялық тарап ұстанбай жұмыс істесін немесе біз осы ұйымнан шығып кетеміз” деді. 

Осы ел эпидемияның Латын Америкадағы орталығы ретінде қабылдануда. 

Мексикада қайтыс болғандардың саны 13 мың 170- ке жетті. Канадада 7 751, Эквадорда  3 534, Колумбияда 1 145 адам қайтыс болды. 

Коронавирустың таралуын бақылауға алған Жаңа Зеландияда он бес күннен бері вирус жұқтырған адам тіркелмеді. Тек бір науқас бар елде қазірге дейін 22 адам қайтыс болды. Елдегі шектемелер 8 маусымнан бастап жеңілдетіледі.



Ұқсас жаңалықтар