АҚШ-та оқиғалар

Вашингтон аймағына басқа аймақтардан жеткізілген әскерлер өз орындарына оралуда.

1430585
АҚШ-та оқиғалар
abd askeri washington.jpg
donald trump.jpg
abd siyahlarin hayati onemli yazisi.jpg

Америка Құрама Штаттарында Африка текті Джордж Флойдың Миннесота полициясының қорлығымен өлтірілуі оқиғасынан кейін басталған наразылықтар жалғасуда. Вашингтон аймағына басқа аймақтардан жеткізілген әскерлер өз орындарына оралуда. 

Қорғаныс министрлігі Вашингтон DC маңында орналасқан 900 әскер мен әскери полицияға базаларына қайту бұйрығын берді.

Осы арада президент Дональд Трамп ел күн тәртібін бағаландырды. Елдің көптеген қаласында өткен наразылық ауцияларын меңзеген президент: «Ұлттық сарбаздарды міндетке шақырарсыңдар деп ойлаймын, бұл үшін маған телефон шалыңдар.  Миннеаполисте жасағанымыздай жылдам қозғалысқа өтеміз. Бұл жерде біз табысқа жеттік» деді.

Трамп Африка текті халыққа бағытталған қадамдар жөнінде: «Қара нәсіл үшін ешкім Трамп жасағандай іс жасамады» деді.

Дональд Трамп: «Джордж Флой бізге жоғарыдан қарап тұрып, елімізде болғандардың керемет екенін айтып отырған шығар. Бүгін ол үшін керемет,  барша үшін керемет. Бүгін теңдік тұрғысынан керемет күн» деді.

Осы арада Вашингтон DC қалалық муниципалитеті төрағасы Ақ Үйге жететін 16-шы даңғылдың ортасына үлкен әріптермен «Қаралардың өмірі маңызды» деп жаздырды.



Ұқсас жаңалықтар