АҚШ-та Флойд үшін алғашқы жаназа рәсімі ұйымдастырылды

Вашингтон муниципалитет басшысы қалада соңғы 2 түннен бері көшелердің тыныш екенін білдірді.

1429987
АҚШ-та Флойд үшін алғашқы жаназа рәсімі ұйымдастырылды

АҚШ-та Вашингтон муниципалитет басшысы Боусер Афроамерикандық Джордж Флойдтың полицияның қорлығымен өлімінің артынан басталған протесттер себепті қаланың айналасына қоныстандырылған әскерлердің кері шегіну керектігін мәлімдеді.

Боусер полиция лауазымдыларымен өткен баспасөз мәлихатында қалада соңғы 2 түннен бері көшелердің тыныш екенін білдірді.

Наразылық шерулеріндегі оқиғаларға операция жасау мақсатты қаланың айналасына қоныстандырылған әскерлер тақырыбында Боусер «Вашингтонға басқа штаттардан келген әскерлердің қаладан шегінуін талап етеміз» деді.

Президент Трамптың Вашингтонда ауыр қарулы әскерлер мен қауіпсіздік күштерінің тағайындалуының артынан қаладағы протесттердің қызуы түсіп, шерулер «бейбіт» түрде жалғасты.

Басқа жағынан Флойдтың өліміне себеп болудан тергеуге алынған 4 полицияның үшеуіне 750 мың долларлық кепілдік бәделі қойылды.

Флойдтың өліміне көмектескені алға тартылып тергеуге алынған То Тао, Томас Лэйн және Александр Куинг кеше Хеннепин аймақтық соты алдына шықты.

Сот төрешісі Пол Скоггин күдіктілерге 750 мың доллар кепілді төлеу белгілеп, сот процесінің 29 маусым күніне қалдырылғанын жариялады.

Тао, Лэйн және Куинг тергеу кезінде Флойдтың мойынына тізесімен басып, өліміне себеп болған Дерек Чаувинмен бірге оқиғадан 24 сағат өткен соң жұмыстан шығарылған болатын.

Чаувин болса өткен апта Хеннепин аймақтық прокуратурасы тарапынан 3-ші дәрежеде қастандық қылмысымен тергеуге алынған дегенмен қылмыстық істің Миннесота губернаторлығы тарапынан штат прокуратурасы Кейт Эллисонға өткізілуімен айыптаудың мәртебесі өзгеріп, 2-ші дәреже қастандық болып қайтадан іс қозғалған еді. Қылмысы нақтыланған жағдайда Чаувиннің кем дегенде 40 жыл бас бостандығынан айырылуы күтіледі.

Миннесота штатында 25 мамыр күнгі оқиғада Джордж Флойд тергеу барысында «Дем ала алмаймын» деп айқайлағанына қарамастан, полиция тізесін құрбанның мойынынан тартпай өліміне себеп болған еді.

Сол күннен бастап ел көлемінде қақтығыстар мен протест шерулері ұйымдастырылған болатын.

Басқа жағынан Миннесотада полиция зорлығымен өлтірілген афроамерикан Джордж үшін алғашқы жаназа рәсімі ұйымдастырылды. Миннеаполис қаласындағы North Central Университет қалашығында ұйымдастырылған рәсімге Флойдтың отбасы мүшелері, достары және жергілікті тұрғындарға қоса, діни және саяси басшылар да қатысты.

АҚШ баспасөз тікелей эфирден жариялаған жаназа рәсімі алдында Флойдтың табыты қойылған жаназа көлігі рәсім ұйымдастырылатын ғимаратқа жақындаған кезде Миннеаполис Полиция басшысы Медариа Аррадондо және комиссар орынбасары Дэйв Оканер тізесінің үстіне отырып, құрметін көрсетті. Залдағы көпшілік дәм ала алмаған 8 минут 46 секундттық уақытты діни өлеңдермен өткізіп, Флойдты еске алды.



Ұқсас жаңалықтар