Пәкістанда екі депутат коронавирустан қайтыс болды

Пәкістанда соңғы бір тәулікте 67 адам қайтыс болды.

1429111
Пәкістанда екі депутат коронавирустан қайтыс болды

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 385 мыңнан асты.  Оқиға саны 6 миллион 524 мыңнан асты.  Сауығып кеткендердің саны да 3 миллион 104 мыңнан асты. 

Вирус себебімен 1 688 адам қайтыс болған Пәкістанда соңғы бір тәулікте 67 адам қайтыс болды.  Олардың екеуі - депутат.  Соңғы екі күнде тағы үш депутат қайтыс болған елде 80 мың 463  кісі вирус жұқтырған. 

Иранда күніне 3 мың 134 адамда вирус анықталғаннан кейін президент Хасан Рухани халықтан мәжбүр болмайынша саяхатқа шықпауын сұрады, әйтпесе шектеме келтірілетінін білдірді. Ол Covid-19 -ды жеңудің гигиена ережелері мен нұқсауларға бағыну арқылы мүмкін екенін айтты. 

Адам өлімі 49-ға,  вирус жұқтыру саны 1 087-ге жеткен Тунис үш ай бұрын жабылған мешіттер мен кафелердің бүгін ашылатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар