Әрбір алты баланың бірі қақтығыс аймағында тұрады

ЮНЕСКО-ның деректеріне қарағанда 2018 жылы 29 миллион сәби қақтығыс аймақтарында дүниеге келген.

1428658
Әрбір алты баланың бірі қақтығыс аймағында тұрады

Әлем көлемінде әрбір алты баланың бірі қақтығыс аймағында тұрады. 

Балаларды құтқару фондының “Балаларға деген соғысты тоқтат 2020” есебіне қарағанда,  2018 жылы 149 миллионы тығыз қақтығыс аймағында, барлығы 415 миллион бала қақтығыс аймақтарында өмір сүреду.  Бұл да әрбір алты баланың бірінің шайқас ішінде өмір сүргенін көрсетеді. 

415 миллионның көбін Африка құрлығындағы балалар қалыптастырады. Африкада 170 миллион бала қақтығыс аймағында тұрады. Яғни Африкада әрбір төрт баланың бірі қақтығыстың ішінде. 

Таяу Шығыста болса үш баланың бірі қақтығыс аймағында өмір сүреді. 

Осы есепке қарағанда, 2010 жылынан бері қақтығыс аймақтарында өмір сүретін балалар саны 34 пайыз, балаларға қарсы жасалған қылмыстар да 170 пайыз артқан. 

ЮНЕСКО-ның деректеріне қарағанда 2018 жылы 29 миллион сәби қақтығыс аймақтарында дүниеге келген. 

БҰҰ-ның шешімімен 4 маусым күні “Халықаралық қақтығыс құрбаны жазықсыз балалар күні” ретінде 1982 жылы жарияланды.  Шешім сол кезде Израильдің шабуылдарына ұшыраған палестиналық және ливандық балалар үшін қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар