Флойд үшін Ұлыбританияда шеру ұйымдастырылды

Ұлыбританияда мыңдаған адам АҚШ-та полиция зорлығымен қаза тапқан Джордж Флойд үшін акция ұйымдастырды.

1426978
Флойд үшін Ұлыбританияда шеру ұйымдастырылды

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда мыңдаған адам АҚШ-тың Миннесота штатында тергеуге алынған кезде полицияның зорлығымен қаза тапқан Джордж Флойд үшін ынтымақтастық шеруі ұйымдастырды.

Трафалгар алаңында түскі уақытта жиналған мыңдаған адам «Әділет болмаған жерде бейбітшілік болмайды», «Тізеңізді мойынымыздан тартыңыз» деп ұрандар тастады, АҚШ пен ағылшын үкіметтеріне қарсы плакаттар көтерді.

Шерушілер кейін қаланың Vauxhall аумағында орналасқан АҚШ өкілетті елшілігіне қарай шеру ұйымдастырды.

Елшілік алдында тығыз қауіпсіздік шаралары қабылдаған ағылшын полициясы мен шерушілер арасында кейде шағын қақтығыстар шығып, 11 адам тергеуге алынды.

Полицияның рұқсатымен шерушілер премьер-министрдің резиденциясы орналасқан Даунинг-стрит бойынша жүріп, протесттерін жалғастырды.



Ұқсас жаңалықтар