Ұлыбританиядағы вакцина сынақтары табысты болуы мүмкін

AstraZeneca дәрі фирмасы тесттер табысты болған жағдайда,  қыркүйек айынан бастап коронавирус вакцинасының өндіріле бастайтынын білдірді.

1421277
Ұлыбританиядағы вакцина сынақтары табысты болуы мүмкін

Орталығы Ұлыбрианияның Кембридж қаласында болып табылатын AstraZeneca дәрі фирмасы тесттер табысты болған жағдайда,  қыркүйек айынан бастап Оксфорд Университеті тарапынан жетілдірілген коронавирус вакцинасының өндіріле бастайтынын білдірді. 

Дәрі фирмасы алғашқы сатыда “AZD1222” атты вакцинадан 400 миллион дана өндірілетінін,  биыл және келесі жылы болса бір миллиард вакцина өндіру әлеуетіне жетуге болатынын атап көрсетті. 

Фирма вакцинаның бірден көп елде өндіруге болатынын,  Үндістан институты секілді медициналық орталықтармен серіктестік құруға болатынын да білдірді. Аталмыш фирма қазір адамдарда сыналған вакцинаның табысты болу ықтималының бар екенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар