Батыс елдері Израильге үндеу тастады

Франция, Германия, Бельгия , Эстония және Польша қатарлы елдер  Израильді Батыс Шерияны жаулау жоспарларынан бас тартуға шақырды.

1420955
Батыс елдері Израильге үндеу тастады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі мүшесі Франция, Германия, Бельгия және Эстония мен бұрынғы мүше Польша қатарлы елдер Израильді Батыс Шерияны жаулау жоспарларынан бас тартуға шақырды.  

Аталмыш бес ел ортақ бір мәлімдеме жасап, Израиль және Палестина мәселесіне әділетті және түбегейлі бір шешім табу үшін келіссөздердің қайтадан басталуына қолдау жасауға дайын екендерін білдірді. 

Мәлімдемеде "Израиль және Палестина арасында бір келісім болмаған жағдайда 1967 жылғы шекара тысындағы ешқандай өзгерісті мойындамаймыз" делінді. Мәлімдемеде сонымен қатар Израильге бір жақтылы қадамнан және Батыс Шерияны жаулау жоспарынан бас тартуы жайлы үндеу тасталды. 

Осы барыста Израиль теледидары Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Израиль Сыртқы істер министрі Габи Ашкеназиге Тель-Авив әкімшілігінің жаулау астындағы Батыс Шерияда орын алған кейбір аймақтарды басып алу жоспарына қарсы екендерін айтқанын жариялады. 

 



Ұқсас жаңалықтар