Ауғанстанда екі мешітке жасалған шабуылда 11 адам қаза тапты

Ауғанстанның Перван және Хост уәлаяттарындағы екі мешітке ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда 11 адам қаза тапты.

1420372
Ауғанстанда екі мешітке жасалған шабуылда 11 адам қаза тапты

Ауғанстанның Перван және Хост уәлаяттарындағы екі мешітке ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда 11 адам қаза тапты. 

Перван губернаторлығының мәлімдемешісі Вахиде Шехкар баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Хилазей ауылындағы мешітке куәлігі білгісіз адамдар тарапынан қарулы шабуыл ұйымдастырылғанын айтты. 

Шехкар шабуылда мешітке барған 8 адамның көз жұмғанын және 5 адамның ауыр жарақат алғанын білдірді. 

Шехкар шабуылшылардың аймақтан қашып кеткенін түсіндірді. 

Хост губернаторлығы мәлімдемешісі Талип Менгел де Сабари ауданының Курчак ауылындағы мешітке куәлігі белгісіз адамдар тарапынан жасалған қарулы шабуылда 3 адамның қаза тапқанын және 1 баланың да жарақат алғанын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар