Сovid-19 вакцинасы үшін бір жыл уақыт керек

Еуропа Дәрі агенттігі Сovid-19 вакцинасының топтық өндіріске дайын болуы үшін кемінде бір жыл уақыт керек екенін хабарлады.

1417553
Сovid-19 вакцинасы үшін бір жыл уақыт керек

Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасы үшін қазір 33 зерттеу жұмысының жалғасып жатқанын, вакцинаның топтық өндіріске дайын болуы үшін кемінде бір жыл уақыт керек екенін хабарлады.

Орталығы Голландияның Амстердам қаласында болған Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) жасаған жазбаша мәлімдемесінде Сovid-19 індетін емдеуде қолданылатын дәрі мен вакцинаға байланысты мәліметтер бөлісті.

Мәлімдемеде вакцина үшін уақыт белгілеудің қиын екені білдіріліп, табысты болған бір вакцинаның топтық өндіріске бастауы үшін кемінде 1 жыл уақыт керек екені атап көрсетілді. 

Сovid-19 індетін емдеуде қолданылатын 119 түрлі дәріні зерттеудің бақылауда екені білдірілген мәлімдемеде "Remdesivir" атты вирусқа қарсы дәріні қамтыған кейбір дәрілер үшін клиникалық сынамалардың басталғаны жарияланды.

Клиникалық сынамалардан кейін аз сандағы ерікті сынаушыларда дәрінің сенімді болған-болмағаны және кері әсері зерттеледі. 

Еуропа Одағы көлемінде адам мен малдарға байланысты дәрі нарқын тәртіпке салатын Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) сонымен бірге дәрілердің нарыққа шығып-шықпайтынына шешім жасайды. 



Ұқсас жаңалықтар