Экономика уақыт барысында қалыпқа түседі

Урсула фон дер Ляйен мен Чарль Мишель Еуропа Парламент жалпы кеңесі сессиясында сөз сөйледі.

1417195
Экономика уақыт барысында қалыпқа түседі

Еуропа Одағы Комиссиясы төрайымы Урсула фон дер Ляйен жаңа қоронавирус шараларының тез қарқынды түрде күшінен қалдырылмайтынын, сондай-ақ қалыпқа түсудің ақырын және сатылы түрде болатынын айтты. 

Урсула фон дер Ляйен мен Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарль Мишель Еуропа Парламент жалпы кеңесі сессиясында сөз сөйледі. 

Упсула фон дер Ляйен "Бұдан бұрын экономиканың тоқырау кезеңін өткіздік. Бірақ ешқашан экономика соңғы үш айдағы сияқты тоқтайтын түйінге келмеді" деді. 

Фон дер Ляйен жұмыстардың бұрынғыдай болмайтынын және бұрынғы қалыпқа түсудің уақыт алатынын білдіріп, "Экономикамыз ақырын және уақыт барысында өз қалпына келеді" деген сөздер қолданды. 

Еуропа Одағы елдерінің індетпен күресу деңгейінің ұқсамағанын түсіндірген Фон дер Ляйен туризм сияқты қызмет секторына негізделген елдер және аймақтардың індеттен тіпті көп зардеп шеккенін айтты. 

Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Чарль Мишель де "Мүше елдеріне  Еуропа Одағы ішкі шекараларын мүмкіндіктің барынша қысқа мерзімде қайтадан ашулары жайлы үн қатамын" деді. 

Мишель шекаралардың ашылуының экономика мен туризм үшін өте маңызды екенін білдірді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар