Афринде бомбалы шабуыл

Шабуылда 2 жазықсыз адам жарақат алды.

1417076
Афринде бомбалы шабуыл

Сирияның солтүстіктегі Африн аудан орталығында аялдаған көлікке тиелген бомбаның жариялуы салдарынан 2 жазықсыз адам жарақат алды.

«Зәйтүн бұтағы» операциясымен террордан тазаланған Африн аудан орталығында аялдаған көлікке тиелген бомба жарылды.

Шабуылда 2 адам жарақат алды. Жарылыстың артынан айналаға материалдық зиян келді.

Оқиға орнында тергеу жасаған жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың YPG/PKK террор ұйымы тарапынан жасалғанын болжады.

Телль-Рифат және Манбидж аймақтарында басқыншылығын жалғастырған YPG/PKK террор ұйымы Баб, Әзез, Джераблус және Африн аймақтарын нысанаға алып, жиі террор шабуылы жасауда.



Ұқсас жаңалықтар