Рекорд деңгейде адам АҚШ азаматтығынан шығып кетті

2 мың 909 Америка азаматы өз еркімен АҚШ азаматтығынан шығып кеткен.

1416484
Рекорд деңгейде адам АҚШ азаматтығынан шығып кетті

Америка Құрама Штаттары тысында өмір сүретін және азаматтықтан шыққан америкалықтардың саны рекорд деңгейде артты.

АҚШ Салық департаментінің үш айда бір жариялайтын деректеріне қарағанда,  2020 жылдың алғашқы ширегінде шетелде өмір сүретін 2 мың 909 Америка азаматы өз еркімен АҚШ азаматтығынан шығып кеткен.

АҚШ азаматтығынан кеткен адам саны 2019 соңғы ширегінде 261 болған еді.  Осы көрсеткіш биыл алғашқы ширекте 1015 пайыз артып,  рекорд деңгейге жетті.

Өткен жылы барлығы 2 мың 072 адам АҚШ азаматтығынан бас тартқан еді.

Бухгалтерия мамандарына қарағанда қос азаматтығы бар және шетелде тұратын АҚШ азаматтары коронавирус эпидемиясы себебімен артқан салық жүгіне байланысты азаматтықтан шығып жатыр.

Ресми деректерге қарағанда, АҚШ тысында шамамен  9 миллион Америка азаматы өмір сүреді.

Азаматтықтан шыққандардың саны соңғы рет Дональд Трамп президент болып сайланған 2016 жылдың аяғында 2 мың 365 адам санымен рекорд болған еді.



Ұқсас жаңалықтар