"НАТО одақтасымыз Түркияға алғысымызды білдіреміз"

АҚШ Мемлекеттік хатшысы: НАТО одақтасымыз Түркияға алғысымызды білдіреміз.

1409617
"НАТО одақтасымыз Түркияға алғысымызды білдіреміз"

АҚШ-тың Мемлекет хатшысы Майк Помпео жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы ықпал еткен елдердің бірі ретінде АҚШ-қа жолдаған медициналық көмек үшін Түркияға алғысын білдірді.

Помпео твиттерден жасаған мәлімдемеде «НАТО одақтасымыз Түркияға алғысымызды білдіреміз. Түркияның қолдауы әлемнің түкпір-түкпірінде Сovid-19 эпидемиясымен күресетін АҚШ-тық фирмаларға көмектесуде. Бұл кезеңді артта қалдырып, одан мықты боламыз» деді.

АҚШ Өкілдер Мәжілісі де тақырыпқа қатысты твиттерден жасаған мәлімдемеде Түркияға алғысын білдірді.

Түркияның АҚШ-тың эпидемиямен күресуі үшін жолдаған медициналық жабдықтарды ынтымақтастықтың ізгіниеті ретінде атаған республикашыл Алекс Муней «НАТО одақтасымыз Түркияға бұл маңызды уақыттарда көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін» деді.

Сондай-ақ Өкілдер Мәжілісі түрік достық тобы мүшесі Стив Чабот болса ұқсас бір мәлімдеме жасап, «Түркияның Сovid-19 эпидемиясымен күресте алдынғы қатарда қызмет атқарған денсаулық қызметкерлерімізді қорғау үшін бұл апта екінші рет жасаған көмегі үшін алғысымды білдіремін. Түркияның жомарттығы ризамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар