Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Шығыс елдерінде жаңа тип коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны күн өткен сайын артуда.

1407985
Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде  228 мың 400-ден, расталған оқиға саны да 3 миллион 230 мың 400-ден асты.  Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 7 мың 100-ге жақындады.

Сovid-19 салдарынан 6 мың 28 адам қайтыс болған Иранда расталған оқиға саны 94 мың 640 болды. Ауруханалардағы науқастардың 2 мың 976-сының жағдайының ауыр екені білдірілді.

Израильде жаңа тип коронавирус салдарынан 215 адам көз жұмды, расталған оқиға саны болса 15 мың 834-ке көтерілді.

Кувейтте вирус салдарынан қаза тапқандар саны 24-ке, расталған оқиға саны болса 3 мың 740-қа жетті.

Сovid-19 салдарынан көз жұмған адам саны Алжирде 444-ге, Мысырда 380-ге, Мароккода 168-ге, Иракта 92-ге, Иорданияда 8-ге көбейді.

Расталған оқиға саны 12 мың 564 болған Катарда мың 243 науқас жазылып кетті.

2 мың 869 оқиға расталған Бахрейнде жазылып кеткендер саны мың 370 болды.

4 жаңа оқиға анықталған Ливанда расталған оқиға саны 721-ге, жазылып кеткендер саны 150-ге жетті.

Сovid-19 салдарынан 111 адам қайтыс болған Молдовада расталған оқиға саны 3 мың 771-ге жетсе, Беларусь Республикасында көз жұмғандар саны 84 расталған оқиға саны 13 мың 181 болды.

Қайтыс болғандар саны Әзербайжанда 23, Өзбекстанда 8-ге жетті.

972 адам қайтыс болған Ресейде, расталған оқиға саны 99 мың 399, жазылып кеткендер саны 10 мың 286 болды.

Украинада 250 адам қайтыс болды, 9 мың 866 оқиға расталды.



Ұқсас жаңалықтар