Covid-19 эпидемиясынан шығыс елдерінде өлім-жітім артты

Шығыс елдерінде жаңа тип коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны күн өткен сайын артуда.

1407305
Covid-19 эпидемиясынан шығыс елдерінде өлім-жітім артты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 218 мың 180-ден асты, расталған оқиға саны да 3 миллион 147 мың 600 болды. Жазылып кеткендер саны болса 945 мыңға жетті.

Әзербайжанда Сovid-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 22, расталған оқиға саны мың 717-ге жетті.

Қайтыс болғандар саны 25 болып жарияланған Қазақстанда расталған оқиға саны 3 мыңнан асты.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі елде расталған оқиға саны мың 939-ға артқанын жариялады. Қайтыс болғандар саны алдында 8 деп білдірілген болатын.

25 наурыз күнінен бері жалғасқан төтенше жағдай мерзімін 30 сәуір күнiнен 10 мамыр күніне дейін созған Қырғызстанда қайтыс болғандар саны 8, расталған оқиға саны 708 болды.

Қайтыс болғандар саны 79-ға көбейген Беларусь Республикасында 12 мың 208 оқиға расталса, Сovid-19 салдарынан 104 адам көз жұмған Молдовада 3 мың 638 оқиға тiркелдi.

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде муниципалитет басшысы Сергей Cобянин Сovid-19 себепті қабылданған шаралардың 11 мамыр күніне дейін жалғасатынын білдірді. Собянин балаларға бағытталған іс-шаралардың болса 31 шілде күніне дейін тоқтатылғанын атап көрсетті.

Сауд Арабиясында коронавирус салдарынан көз жұмған 8 адамды қосқанда, жалпы қайтыс болғандар саны 152-ге жетті. Расталған оқиға саны да 20 мың 77 болды.

Кувейтте өмір сүретін 61 жасар үнді бір науқасты қосқанда қайтыс болғандар саны 23-ке жетті. Елде тіркелген оқиға саны болса 3 мың 440.

Сovid-19 салдарынан көз жұмған адам саны Алжирде 437-ге, Мысырда 359-ға, Мароккода 165-ке, Иракта 90-ға, Иорданияда 8-ге көбейді.

Расталған оқиға саны 11 мың 921 болған Катарда мың 134 науқас жазылып кетті.



Ұқсас жаңалықтар